Мичурин: округіміздегі құлшылық ордаларының қатары тағы бір мешітке артты

25.11.2022 жылы Халық жазушысы Ш.Мұртазаның 90жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, Мичурин ауылдық округіне қарасты Көксағыз ауылында “Ш.Мұртаза” атындағы қайырымдылық қордың демеушілігімен жаңа “Айтбай ата” мешітінің ашылу салтанаты орын алды. Бұдан алдын Көксағыз ауылында мешіт болмауына байланысты, Майтөбе мешітінің сыйымдылығы халыққа жетпей жататын. Енді міне, мешітке жиі қатынап, Аллаға құлшылық жасайтын жастарымыз үшін, жалпы, күллі мұсылман бауырларымыз үшін бұл –  көңіл қуантарлық жайт.

     Қасиетті жұма күні жұртшылық игілігіне  берілген “Алланың үйінде” жамағатпен алғашқы  жұма намаз оқылып, толығымен халықтың пайдалануына  берілді.

ПІКІР ЖАЗУ