Мерейі үстем отбасылар

Бүгін «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының аудандық деңгейіне қатысып, үздік деп танылған отбасыларды марапаттау рәсімі өтті.

Марапаттау рәсімінде сөз алған Созақ ауданы әкімінің орынбасары Қалдыбек Әбілдаұлы Оразов мерейлі отбасыларды құттықтап, «Барлығыңыз да құрмет пен мадаққа лайықсыздар. Бүгінгі мерейлі күнде сіздерге қажырлы еңбек, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын лайықты жалғастырып келе жатқандарыңыз үшін зор ризашылығымды білдіремін. Берік отбасылық құндылықтар арқылы ғана мемлекеттің іргесі мығым, ғұмыры мәңгі болады. Баршаңызға зор денсаулық, береке-бірлік, жақсылық тілеймін! Шаңырақтарыңызда махаббат пен татулық салтанат құрсын!» деп сөзін сабақтады. Мерейлі отбасыларға аудан әкімінің арнайы алғыс хаттары менен естелік сыйлықтарын табыстады.

Биылғы «Мерейлі отбасы» конкурсы лауреаттары қатарынан табылған ардақты ұстаз Мұхаммед-Әли Мұхатұлы Иманбеков сөз алып, қоғамдағы отбасы институтының маңызы жөнінде толғады.

Шолаққорған ауылдық округінің Әйелдер Кеңесі төрайымы Гүлнар Есіркепқызы Өмірбекова өнегелі отбасыларды құттықтады. «Сіздердей отбасыларды өскелең ұрпаққа үлгі етуге тиіспіз» деп түйіндеді құттықтау сөзін.

Марапаттау рәсімі «Мыңжылқы» мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

***

Ұлттық конкурстың облыстық деңгейінде Мұхаммед-Әли Мұхатұлы Иманбеков пенен Мақсат Жеңісұлы Қарғабайдың отбасылары марапатталды.

***

«Мерейлі отбасы-2022» ұлттық конкурсының аудандық деңгейінің үздіктері:

Әбдіразақ Сүлейменұлының отбасы (Созақ ауылдық округі)

Сапарбай Айтбайұлының отбасы (Тасты ауылдық округі)

Тұмартай Дінтайұлының отбасы (Жартытөбе ауылдық округі)

Шырынбек Кәдірбекұлы Спабековтің отбасы (Таукент кенті)

Нұрбол Мәдіұлы Төреқұловтың отбасы (Жуантөбе ауылы)

Мырзабек Тұранұлы Шыныбаевтың отбасы (Сызған ауылдық округі)

Баһадүр Тұрсынбайұлы Жанабиловтың отбасы (Шу ауылы)

Ерғали Кеңесбекұлы Искаковтың отбасы (Шу ауылы)

ПІКІР ЖАЗУ