Менің отбасымның портреті

«Отбасы күні» апталығы аясында Қазата ауылында орналасқан “Тұрмыс-1”. ЖОМ 11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстел өткізілді.

Бәйдібек ауданы полиция бөлімінің ЖПҚ ЮПТ инспекторлары мен ӘЗЗҚТ инспекторы полиция капитаны А.Утебаеваның ұйымдастыруымен және психолог мамандардың арнайы қатысуымен өткізілген бұл іс-шарада жастарға отбасын жоспарлау тақырыптарында мағлұматтар беріліп, түрлі пікірлер ортаға салынды.

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – баланы тәрбиелеу. Отбасы тәрбиесі – бұл жалпы тәрбиенің ең басты бөлігі. Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру, отбасы – Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, оқушылардың бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген іс-шара жастарға ой саларлық ауқымда өтті.

«Отбасы күні» апталығы аясында «Менің отбасымның портреті» тақырыбында Бәйдібек аудандық АХАЖ бөліміне тіркеуге келген жас отбасыларға отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
«Аудандық жұмыспен қамту орталығының психологы М. Исрайлова және Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің полиция капитаны А. Утебаевамен бірлесе өткізілген шарада жастарға отбасын жоспарлау тақырыптарында мағлұматтар беріліп, жас аналармен, келіндерден түрлі пікірлер ортаға салынды.
Отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті туралы түсінік беру ,отбасы-Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, аналарға бақытты жанұяға деген қызығушылығын арттыру, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатында өткізілген шара аналарға ой саларлық ауқымда өтті.

БӘЙДІБЕК АУДАНЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІ

ПІКІР ЖАЗУ