МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТКІЗІЛДІ

Созақ ауданы әкімдігіне қарасты бөлімдер мен мекемелер жиналған кезекті мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкенің мақсаты – тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ақпараттандыру, оның ішінде электронды түрде көрсетілетін қызметтерді кеңінен насихаттау мен мемлекеттік орган өкілдері тарапынан салалық кеңес беру. Іс-шараға жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметі, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы, аудандық тіркеу және жер кадастры бөлімі мен аудандық орталық аурухана мамандары қатысты. Онлайн жүздесуде халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі түсіндірілді. Одан бөлек, мемлекеттік қызметтерді алу бойынша ақпараттық-әдістемелік көмек берілді. Сонымен қатар, «Электронды үкімет» порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі мен олардың қолжетімділігі, қызмет алушылардың құқықтары туралы насихаттық жұмыстар жүргізілді. Тікелей эфир барысында келіп түскен сұрақтарға толыққанды жауаптар берілді.

ПІКІР ЖАЗУ