Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
БизнесЖаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілерге дағдарыс кезеңіндегі коммуникация бойынша шеберлік сабағы өтті

 23 маусым — Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Түркістан облысы әкімдігінің басқарма басшкация бойынша шеберлік сабағы өттыларына қоғаммен байланыс және дағдарыс кезеңіндегі коммуникация тақырыбында шеберлік сабағы өтті. Спикер ретінде облыс әкімінің орынбасары Сакен Қалқаманов баяндама жасап, Қазақстан және әлемдегі белгілі тұлғалардың БАҚ тілшілерімен және жұртшылықпен сұхбат барысында жіберген кемшіліктері, елмен кері байланыс жасау бойынша әңгіме өрбітті.

 «Ақпараттар ағыны секунд сайын жаңарып отыратын XXI ғасырда әр мемлекеттік қызметші өз саласы бойынша кез келген сұраққа сүрінбей жауап беріп, ашықтықтан қашпау керек. Бұл — мемлекеттік қызметті таңдаған кез келген маманның міндеті», деген Сәкен Амангелдіұлы мемлекеттік қызметшінің мәртебесі, оның көпшілік алдында өзін-өзі ұстауы, дағдарыс жайында коммуникация жүйесін реттеу, сөз саптауына дейін жіктеп, түрлі оқиғаларға талдау жасады.
Сондай-ақ дәріске қатысушыларға кез келген дағдарыс кезінде ресми ақпаратты шұғыл тарату, қоғамда тұрақтылықты сақтау алгоритміне сәйкес жұмыс жүргізу жүйесі түсіндірілді.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан: Қазақстан мен Ресей әуе қатынасын өзара кеңейтуге және екі ел арасындағы транзиттік тасымалдауды арттыруға келісті

admin

Қаңтар оқиғасынан соң қамауға алынған ақтөбелік түрмеде аштық жариялады

admin

ШЫМКЕНТ: Дети по своему выбору, могут бесплатно тренироваться в спортивных секциях

admin