Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бақылауда

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнаманы, олардың процедураларын жетілдіру мен мемлекеттік қызметтер көрсету саласын цифрландыру, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына бақылау жасау бойынша жүйелі жұмыстар атқарылып келеді.

Осы орайда бүгін аудан әкімі аппараты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімі мен «Шамшырақ» жастар қоғамдық бірлестігінің басшысы Ә.Ш.Усмановпен бірлесе аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде қоғамдық бақылау жүргізді.

Қоғамдық бақылау барысында орталықтың көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасына және мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қызмет көрсету мүмкіншілігінің қолайлығына шолу жасалды. Проблемалық мәселелерге мониторинг жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша ұсынымдар берілді.

ПІКІР ЖАЗУ