Полиция бөлімімен профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде
Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» атты тапсырмасында көрсетілген елді мекендерде полиция бөлімімен профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» атты тапсырмасында көрсетілген елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру мақсатында Сарыағаш ауданы полиция бөлімімен профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Осы іс шараға Сарыағаш ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылып, Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі кодексінің әртүрлі баптарымен құқықбұзушылықтар анықталды. Оның ішінде:
– ҚР ӘҚБтК-нің 204 бабымен – 190 құқық бұзушылық;
– ҚР ӘҚБтК-нің 434-2 бабымен – 922 құқық бұзушылық;
– ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабымен – 167 құқық бұзушылық;
– ҚР ӘҚБтК-нің 630 бабымен – 750 құқық бұзушылық;
Полиция бөлімімен аудан аумағындағы тазалықты сақтау мақсатында жергілікті тұрғындардың арасында ескерту және әкімшілік шара көру жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлаймыз.