Медицина мамандарына халық алғысын білдірді
Бүгін Түркістан қаласында медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай салтанатты жиын өтті.
Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков ақ халатты абзал жандарға алғысын білдіріп, ардагер дәрігерлерге де құрмет көрсетті.
Құттықтау сөз алған шаһар басшысы, “Адам өміріне араша болған Сіздердің тұрғындарымыздың денсаулығын жақсартуда көрсеткен еңбектеріңіздің ерен екені баршаға аян.
Індет кезінде көрсеткен ерліктеріңізді де ел ұмытқан емес.
Денсаулық сақшыларына қала тұрғындары атынан шексіз алғысымды білдіремін” деп, жиын қатысушыларына ізгі тілегін білдірді.
Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласып, көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Сегодня в Туркестане состоялось торжественное собрание, посвященное профессиональному празднику медицинских работников.
Аким города Нурбол Турашбеков поблагодарил всех работников в сфере здравоохранения и отметил что их подвиги и отвага проявленные во время эпидемии не забыты, а также выразил огромную благодарность от имени жителей. Праздничное мероприятие продолжилось концертной программой и подарило публике хорошее настроение.
Today, a solemn meeting dedicated to the professional holiday of medical workers was held in Turkistan.
Akim of the city Nurbol Turashbekov thanked all healthcare workers and noted that their exploits and courage shown during the epidemic were not forgotten, and also expressed great gratitude on behalf of the residents. The festive event continued with a concert program and gave the public a good mood.