«Масс-Медиа туралы» Заңды түсіндіру тақырыбында семинар өткізілді

Семинарға Созақ аудандық прокуратурасының көмекшісі, полиция, сот қызметкерлері және журналист қатысты.

Созақ аудандық сотының төрағасы А.С.Дәуренбеков семинарды ашық деп жариялап,онда қатысушыларға «Масс-медиа» заңы бойынша баяндама жасады.

Баяндамада мемлекет басшысы 2024 жылдың 19 маусымында «Масс-медиа туралы» заңға қол қойғаны, аталмыш заңда журналистер үшін қосымша құқықтық кепілдіктер белгіленгенін,«Журналистің ерекше мәртебесі» деген ұғым енгізілгенін. Яғни, журналистің құқықтары мен бостандықтарының қорғалуын, олардың ақпарат іздеу, сұрату, алу және тарату кезіндегі, сондай-ақ «Масс-медиа туралы» Заңда белгіленген өзге де ерекше құқықтарын журналист мәртебесі деп түсіну керектігіне тоқталды.

Сонымен қатар, шындыққа сәйкес келмейтін және азаматтардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді теріске шығару туралы БАҚ-қа талап қою мерзімі бұқаралық ақпарат құралдарында мәліметтер жарияланған күннен бастап 1 жыл деп белгіленгені, БАҚ-тың сұратуларын қарау мерзімі 7 жұмыс күнінен 5 жұмыс күніне дейін қысқартылғанын атап өтті.

Семинарға қатысушылар өзара пікір алмасты

ПІКІР ЖАЗУ