Мәселені аудан әкімінің өзі талқылады

Шұбар ауылындағы Кәсіптік колледж ғимаратында өткен кездесуде тұрғындар жарық, газ, ортақ жайылым, көктемгі дала жұмыстарына қажетті жанар-жағармай, тыңайтқыш мәселесін көтерді.
Аудан басшысы ауылдардағы электр сапасын жақсарту мақсатында «Оңтүстік Жарық» мекемесі тарапынан тозығы жеткен трансформаторлар мен электр желілерін ауыстыру жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілетіндігін жеткізді. Сондай-ақ аталған мекеме басшысына тұрғындармен бірлікте олқылықтар орын алған мекен-жайларды анықтауды тапсырды.
Ал, шаруалардың агрсектордағы кедергілер туралы өтінішіне тоқталған аудан әкімі жергілікті әкімдік пен салалық бөлім тарапынан тұрғындар арасында қажетті деңгейде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Сапар барысында Бағлан Дәнебекұлы «ТөреХан» мал бордақылау алаңының жұмысымен танысты.
170 млн теңге қаржыға 318 ірі қара, 300 бас жылқы, 600 бас ұсақ мал алып, шаруасын дөңгелетіп отырған шаруа қожалық басшысы 6 ауыл тұрғынын жұмыспен қамтуда. Жұмысшылардың орташа айлық жалақысы әзірге 120 000 теңге көлемінде.
Ел Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өтіп жатқан аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі кестеге сәйкес барлық ауылдық округтерде жалғасын табатын болады.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ