Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ДенсаулықЖаңалықтар

Түркістан облысында 5 мыңға жуық нысан «ashyq» қосымшасымен жұмыс істеуде

Түркістан облысында омикрон штамы тіркелмегенімен Covid-19 инфекциясының таралуы өршіген. 24-қаңтар күнгі мәлімет бойынша өңірде коронавирусқа шалдыққан 123 жағдай тіркелді. Бұл туралы брифингте облыстың бас санитариялық дәрігерінің орынбасары Бахтыораз Елемесов мәлімдеді.
«Түркістан облысында 5000-ға жуық нысан «Ashyq» қосымшасын қолдануда. Өңіріміз «сары» аймақта болғандықтан бірқатар шектеу шаралары мен барлық санитарлық талаптар ескерілуі тиіс. Жаңа қаулы шеңберінде сенбі-жексенбі күндері нысандарға «көк» статустағы азаматтар да кіргізіледі. Сонымен қатар, мекемелер мен кеңсе қызметкерлерінің 50%-ы қашықтықтан жұмыс атқаруларына болады»,-деді ол.
Облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Зухра Амированың сөзінше, мейрамхана, кафе, қоғамдық тамақтану нысандары, бильярд, боулинг орталықтары, театрлар, концерт залдары, филармониялар, цирктер, сондай-ақ компьютер клубтары «сары» аймақта толымдылық 70 пайызға дейін, «қызыл» аймақта 60 пайызға дейін шектеумен жұмыс істейді.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Референдумға қатысу азаматтық міндетің

admin

Полицейлер пәтер ұрысын құрықтады

admin

Қазақстанда алғаш рет 1 млн гектар жер егіс алқаптарын әртараптандыруға бөлінді

admin