Маңғыстауда қанша адамды ит қапқан

 Маңғыстау облысында иттердің адамдарға шабуылдауы азаймай тұр. Мұндай жағдайлардың жартысына жуығында иттердің иелері бар. Бұл туралы Lada.kz-ке сілтеме жасай отырып BAQ.KZ хабарлайды.

Маңғыстау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, биылғы бірінші тоқсанда ит тістеп немесе тырнап алды деген шағыммен 254 тұрғын жүгінген, оның 118-і – кәмелетке толмағандар.

Ең көп оқиға Мұнайлы ауданында – 93 жағдай, Ақтауда – 60 және Жаңаөзенде 41 жағдай тіркелген. Түпқараған ауданында – 18, Қарақияда – 8, Маңғыстау ауданында 9 жағдай болған.

Соңғы бір жылда шағымдардың саны азайғаны байқалады: 2022 жылы – 1527, 2023 жылы – 1523, ал 2024 жылы – 1364 өтініш тіркелген.

Жалпы шағымдар саны азайғанымен, кәмелетке толмағандар арасында зардап шеккендер саны өсуде. Көбінесе бұл мектеп оқушылары – олар мектепке бара жатқанда немесе қайтып келе жатқанда иттердің шабуылынан зардап шегеді. 

Тұрғындардың басым бөлігі қаңғыбас иттер қабады деп есептейді. Алайда 254 жағдайдың 93-інде иттердің иелері анықталған.

ПІКІР ЖАЗУ