Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарСпорт

Ауыр атлетика: Қазақстан қоржынына әлем чемпионатының тағы бір алтын медалі түсті

 Қазақстандық Ксения Прозорова ауыр атлетикадан Лимада (Перу) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жетті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

ҰОК мәліметінше, спортшы 59 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жарыста жеңіпмаз атанып, ел қоржынына алтын медаль салды.

Ксения қоссайыс қорытындысы бойынша 199 (91+108) келіні еңсерді. Екінші орынды өзбекстандық Маржона Абдумуталова иеленді — 190 (88+102) келі. Ал үшінші орын ресейлік Полина Павловичке бұйырды — 189 (85+104) келі.

73 келі салмақта Ернұр Мырзахметов қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, жастар арасындағы жарыста 81 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Сәулебеков те үшінші орынға ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін 61 келі салмақта Бейбарыс Ерсейіт әлем чемпионатында бірінші орынды иеленген болатын.

Сәйкес жаңалықтар

Шымкенттегі мектептерде толығымен адамның түр-тұлғасын анықтайтын жүйе орнатылуда

admin

Ашықтық пен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін білім беру ұйымдарының бірінші басшылары тікелей эфирде тағайындалды

admin

Шымкент: №8 бағытында енді сыйымдылығы жоғары автобустар қатынайды

admin