Қызылордада мұнай өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан серіктестік директоры сотталды

Қызылорда облысында ірі көлемде мұнай өнімдерін заңдылығын растайтын құжатсыз сатып алып, сақтап және сатумен айналысқан серіктестік директорына қатысты сот үкімі шықты

 Облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті тарапынан ірі көлемде мұнай өнімдерін заңдылығын растайтын құжаттарсыз сатып алып, сақтап және сатумен айналысқан серіктестік директорының әрекеті әшкере болды.

– Қызылорда қаласында тұратын азаматша 2018 жылы мұнай өнімдерін көтерме бағада сату үшін серіктестік директоры және құрылтайшысы ретінде тағайындалды. Негізгі қызметі мұнай өнімдерін көтерме сату болып табылатын компанияны басқарған күдікті 2019-2023 жылдар аралығында 16 түрлі компаниядан жалпы сомасы 574 млн теңгеден астам қаржыға 2 422 тонна дизель отынын сатып алған. Ол растайтын құжатсыз сатып алған 334 тонна дизель отынын 18 мемлекеттік мекеме және 3 заңды тұлғаға 262 млн теңгеден астам ақшаға өткізген. Салдарынан қылмыстық жолмен тапқан 262 млн теңгені заңдастырған. Қылмысы үшін сот оны ҚР Қылмыстық кодексінің 197-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен, 218-бабы 3-бөлігі 3-тармағымен кінәлі деп таныды. Оған шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – деп атап өтті департаменттен.

Ведомство мәліметінще, екі жыл көлемінде департамент бойынша осыған ұқсас 3 іс тіркелді. Аталған істердің өндірісі аяқталып, сотқа жолданған. Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда облысында алауыздық тудыратын жазба таратқан тұрғын сотталды.

 

ПІКІР ЖАЗУ