Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Оралда ер адам үш метрлік кәріз құдығына түсіп кетті

 Оралда үш метрлік кәріз құдығына құлап кеткен ер адам құтқарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Төтенше жағдайлар министрлігінің ақпаратқа сенсек, оқиға сенбі күні Урдинская көшесіндегі үйдің жанында болған.

1989 жылы туған ер адам үш метрлік кәріз құдығына құлап кеткен. Жақын маңнан өтіп бара жатқан адамдар көмек сұраған дауысты естіп, 112-ге жүгінген, — делінген ведомство хабарламасында.

Оқиға орнына жеткен құтқарушылар альпинистік құралдардың көмегімен оны люктен алып шықты.

Олар зардап шегушіні жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырды, деп қосты баспасөз қызметі.

Сәйкес жаңалықтар

Есірткі, түрме, ВИЧ: «Отбасым үшін дертпен күресіп келемін»

admin

Түркістанда «Сен талантсың!» байқауының екінші кезеңі өтті

admin

Жетісудан батысқа әлеуметтік көмек аттанды

admin