Құрмет Талапқазы Ұлттық кеңестің мүшесі болуы мүмкін
Қуаңшылық кезінде халыққа жанашырлығымен елдің ықыласына ие болған Құрмет Талапқазы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринмен жүздесті. Қуаңшылық кезінде халыққа жанашырлығымен елдің ықыласына ие болған Құрмет Талапқазы Мемлекеттік хатшы Ерлан Қаринмен жүздесті, деп хабарлады “Адырна” ұлттық порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.
«Алматыда қазақтың мықты жас жігіттерімен кездестім. Жаңа Қазақстанды құратын осындай мемлекетшіл және жасампаз жаңа толқын» деп жазды Ерлан Тынымбайұлы әлеуметтік желіде.
Осыдан кейін интернетте Мемлекеттік хатшының ресми аккаунты белгіленген жазбалар пайда болды. Онда Құрметтің Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне мүше болатыны жайлы жазылған. Ерлан Қариннің мұндай пікірді жоққа шығармағанына қарағанда, Құрмет Талапқазыны Ұлттық кеңестің алдағы отырыстарында көріп қалуымыз әбден мүмкін.
“Адырна” ұлттық порталы