«Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

21-23 қазан аралығында облыс көлемінде көшелер мен қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы басталғанын хабарлаймыз.

Мақсат- жедел жағдайды тұрақтандыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдау.

Заңнамаға сәйкес облыс полицейлері құқық белгілейтін құжаттарды тексеру және көлік құралдарын, сондай-ақ жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру, белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды, заңсыз мигранттарды анықтауды, есепте тұратын тұрғындар мен қару иелерін тексеруді жүзеге асырады.

Сондықтан полиция тарапынан жүргізілетін бақылау әрекеттеріне түсіністікпен қарауға шақырамыз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ