Құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Бірінші Мамыр ауылдық округінде тұрғындармен кездесу өткізілді.
Бүгін Бірінші Мамыр ауылдық округіне қарасты Бірінші Мамыр ауылдық клубында Төлеби ауданы прокурорының орынбасары Мүсіров Сейдахмет, аудан прокуратурасының пракуроры Әріпбай Ердос, ауыл әкімі Ханай Әшірбековтың қатысуымен ауылдық округі тұрғындары мен құқық бұзушылық профилактикасы аясында бекітілген кестеге сәйкес кездесу болып өтті. Онда ауылдық округтегі криминогендік жағдай және оны тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, әсіресе алаяқтық қылмыстардың өршуі, жол-көлік оқиғаларының көбейуі , кәмлет жасқа толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтардың деңгейі туралы баяндалды. Ауыл тұрғындары көкейде жүрген бір қатар құқық бұзушылықтар туралы сұрақтарын қойып, мардымды жауаптарын алды. Кездесу барысында ауылдық округ турғындары тарапынан көтерілген ұсыныс, пікірлер тыңдалып, мәселелердің шешу жолдары түсіндірілді.