ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге 2024 жылдың 5 айы бойынша шолу
ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі
2024 жылғы 1 маусымға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 45,64%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 10,09%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,21%, шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары – 3,87%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,09%.
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 65,20%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 34,80%.
Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен “кері РЕПО” операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 647,77 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 102,65 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс сипат алып, 57,23 млрд теңге болды. Шетел валютасын қайта бағалау да теріс мәнге ие болды (46,81 млрд теңге). Басқа шығындар – 0,68 млрд теңге.
Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2024 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы жалпы табыс оң нәтиже көрсетті.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылғы 1 маусымға есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 647,07 млрд теңге болды. Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі – 3,49%.
2024 жылғы 1 маусымдағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 98,01%, ҚРҰБ депозиттері – 1,43%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,55%. ЖМЗЖ инвестициялық портфеліне тек ұлттық валютада көрсетілген қаржы құралдары кіреді.
2024 жылдың басынан бастап 1 маусымдағы жағдай бойынша ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістілік – 1,14%.
Естеріңізге сала кетейік, орта және ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі қамтамасыз етіледі.
ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.
Инвестициялық портфельді басқарушылар
ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 49,5 млрд теңгеден асады.
01.06.2024ж. жағдай бойынша “Jusan Invest” АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 8,5 млрд теңгеден асты.
Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 30,75%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 28,06%, РЕПО – 16,15%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 7,45%, шет мемлекеттердің МБҚ – 6,67%. Атап кетейік, портфельдің 63,01% теңгемен, 36,99% АҚШ долларымен ұсынылған.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 маусымына есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 288 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі 3,69%.
“Jusan Invest” АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.06.2024ж. жағдай бойынша “Halyk Global Markets” АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 3,9 млрд теңгеден асты.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: “кері РЕПО” (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 34,56%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 16,98%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,87%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 8,20%, МҚҰ облигациялары – 6,72%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 6,32%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 5,44%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 69,35%, АҚШ долларымен 30,65% тең.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 122,89 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 3,14%.
“Halyk Global Markets” АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.06.2024ж. жағдай бойынша “BCC Invest” АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 4,5 млрд теңгеден асты.
Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 34,66%, РЕПО – 17,04%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,56%, ҚР ЕДБ облигациялары – 8,66%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,87%, пайлар (индекстерге ETF) – 6,74%, ҚР мемлекеттік облигациялары – 5,92%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 83,13%, АҚШ долларымен 16,87% инвестицияланды.
Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 маусымына есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 152,98 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 3,49%.
“BCC Invest” АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
01.06.2024ж. жағдай бойынша “Сентрас Секьюритиз” АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 1,3 млрд теңге.
ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 26,70%, РЕПО – 19,86%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 14,38%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 10,33%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 7,94%, өзге активтерге (дебиторлық берешек, мерзімі өткен берешек, провизиялар) – 6,93%, ҚР ЕДБ облигацияларына – 6,74% инвестицияланды. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 73,32%, АҚШ долларында – 25,01%, канадалық долларда – 1,67% инвестицияланды.
Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 маусымдағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 73,34 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 6,14%.
“Сентрас Секьюритиз” АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша “Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ “Halyk Finance” АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 31,3 млрд теңге.
Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: “кері РЕПО” (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 37,60%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,71%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 9,21%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,18%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,04%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 7,88%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 69,08%, АҚШ долларында – 30,75%, еурода – 0,17% инвестицияланды.
Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 маусымдағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 879,86 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 3,30%.
“Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ “Halyk Finance” АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.
Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.