Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Көршілердің арасындағы екі жылға жуықтаған дау сот медиациясы тәртібімен реттелді

Талап қоюшы С. сотқа талап қоюын өткізіп оны көршісі М. үйінің ішінен қазандық орнатқанымен, алайда оны «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар” туралы техникалық регламентке сай емес екенімен, қазандықты қолдану барысында өзіне зиянды салдар туындайтынымен негіздеп, тұрғын үй ішіндегі жылыту қазандығын сыртқа шығаруды міндеттеуді сұраған.

Сот талқылауында тараптарға татуластырушы судьямен дауды бітімгершілікпен аяқтаудың мәні мен салдары түсіндірілген.

Нәтижесінде, Шардара аудандық сотының ұйғарымымен тараптардың арасындағы дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісім бекітіліп, көршілердің дауы бітімгершілікпен аяқталды.

Сондай-ақ, Шардара аудандық сотында ағымдағы жылдың бес айында тараптардың татуласуына байланысты 75 азаматтық іс медиация тәртібімен аяқталып, іс жүргізуден тоқтатылған

https://t.me/trk_sud

Сәйкес жаңалықтар

Кентауда «AGROEL.KZ» жобасын жүзеге асыру жұмыстары әзірленуде

admin

ШЫМКЕНТ: Қаратау ауданы әкімі аппараты қызметкерлері жол құрылысымен танысты

admin

Қазақстанда енді төрт түлік мал да цифрлық бақылауда болады

admin