Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Жерде магниттік дауыл басталды

2025 жылғы 17 мамырға қараған түні Жер бетінде орта деңгейдегі магниттік дауыл басталды. Бұл құбылыс шамамен үш күнге созылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

«Фобос» ауа райы орталығының жетекші маманы Михаил Леустың айтуынша, бұл жағдайға күн бетінде орналасқан корональдық тесіктерден шығатын күн желі себеп.

Күн желінің әсерінен ғарыш кеңістігіндегі магнит өрісінің құрамдас бөліктері өзгеріске ұшырап, Астана уақыты бойынша түнгі 02:00-ден кейін Жердің магнитосферасында әлсіз ауытқулар байқалды. Ал Астана уақытымен таңғы 05:00-ден кейін бұл ауытқулар күшейіп, G2 деңгейіндегі орташа магниттік дауыл тіркелді, – деп түсіндірді маман.

Синоптиктің айтуынша, Жер 19 мамырды қоса алғанда, тығыз әрі жылдам күн желінің ағынында болады. Сол себепті 17 мамырда және алдағы екі тәулікте планетаның магнит өрісі тұрақсыз күйде сақталады. Бұл үдеріс негізінен әлсіз деңгейдегі магниттік дауылдармен қатар жүреді.

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан қаласының әкімі Нұрбол Тұрашбековтің төрағалығымен техникалық кеңес отырысы өтті.

admin

ШЫМКЕНТ: Қоғамдық орындарға 30 Wi-Fi құрылғысы орнатылды

admin

Атырау облысында «Ордабасы» ұлттық тарихи-мәдени қорығының көшпелі көрмесі өтіп жатыр

admin