Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қонаевта су тасқынына дайындық күшейтілді

 «Заң мен тәртіп» қағидасын іске асыру шеңберінде Қонаев қаласы прокуратурасының үйлестіруімен және Төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, көктемгі су тасқынының салдарын болдырмау және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар шаралар қабылданды.

Атап айтқанда, су өткізу инфрақұрылымы күшейтілді – қаланың су басу қаупі жоғары аймақтарында арналар қазылып, арықтар мен су өткізу тораптары тазартылды. 

Сондай-ақ инженерлік-техникалық дайындық пысықталды – барлық су тарту құрылғылары, сорғылар, бөгеттер және авариялық-диспетчерлік жүйелер тексерілді.

Жедел әрекет ету топтары жасақталды – құтқару қызметтері мен коммуналдық мекемелердің дайындығы күшейтілді, техникалар мен жабдықтар толықтай тексеріліп, іске қосуға әзірленді.

Сонымен қатар халық арасында төтенше жағдай кезіндегі әрекет ету тәртібі түсіндіріліп, алдын алу шаралары туралы ақпарат таратылды.

Қонаев қаласы прокуратурасы су тасқынының алдын алу және оның салдарын жою бойынша жұмыстарды қатаң бақылауда ұстайды.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Солтүстікке қоныстандыру мәселелері бойынша онлайн дөңгелек үстел өтті

admin

Түркістан: шетелдік инвесторлармен туризм және терең өңдеу салалары бойынша келіссөздер жүргізілді

admin

Қазақстанның Өзбекстандағы елшісі өз атасының атында мешіт салдырды

admin