Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Түркістан: полиция департаментінің бастығы тұрғындардың мәселелерін тыңдады

Түркістан облысы Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов пен облыс прокуроры Мұрат Тілеубердиев «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шардара ауданына қызметтік іссапармен барды. Онда тәртіп сақшыларының атқарып жатқан жұмыстарын бақылап, тексеріп шықты.

Сондай-ақ бірқатар тұрғындардың мәселелеріне құлақ асып, құқықтық кеңес берді. Жеке қабылдауда өңір тұрғындары өздерін алаңдатқан арыз-шағымдарын айтып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Ал бас полицей Мұрат Талапұлы әрбір арыз-шағымға кең көлемде жауап берді. Кей мәселелердің шешілуін өз бақылауына алып, орынбасарларына нақты тапсырмалар жүктеді. Сонымен қатар полиция басшылығын өздеріне қарасты аудандарда халықтан алғыс алу үшін қызметті қалтқысыз атқаруға шақырды.

Күштік құрылым басшыларының жеке қабылдауына келген тұрғындар өтініштері бақылауға қойылғаны үшін алғыстарын білдірді.

Сәйкес жаңалықтар

Полицейские провели встречу со школьниками на тему соблюдения безопасности

admin

ШЫМКЕНТ: «Сәуле» шағынауданының тұрғындарына Президент Жолдауын насихаттау жиыны өтті

admin

Түркістан облысында есту қабілеті нашарлаған балаларға бірегей ота жасалды

admin