Колледж студенттерімен отбасындағы жастар тәрбиесі талқыға түсті

“Отбасы күні” апталығы аясында “Кентау қалалық жоғарғы гуманитарлық және техникалық колледжінде жастармен кездесу өткізілді . Аталған шараға қалалық полиция бөлімінің инспекторы Құттыбаева Майра, Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу орталығының психолог маманы Оспанова Нұргүл”, қалалық жоғарғы гуманитарлық және техникалық колледжі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бейтбаев Ақжан және психолог маман Гаухар Жұмабайқызымен студент жастар қатысты.

Кездесуде жастардың полицияға деген сенімін нығайту және қоғамның дәстүрлі отбасылық құндылықтары мен адамгершілік қасиеттерді жаңғырту жайлы баяндама оқылды. Сонымен қатар отбасындағы әйелдер мен балаларға қатысты зорлық зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтылып, заңгерлік кеңес берілді.

ПІКІР ЖАЗУ