Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Кітапхана — оқырмандар мекені

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым – Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың жарлығымен қолға алынған «Оқитын ұлт» жобасы аясында аудандық орталық кітапханада «Оқитын Созақ» жобасымен ұйымдастырылған еркін форматтағы «Мен іздеген кітап» — (Book dating) атты пікір алмасу шарасы өтті. Шараға кітапхананың тұрақты оқырмандары — мектеп оқушылары, кітап сүйер қауым қатысты. Бұл шараның қонағы аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов, оқырмандардың сауалына жауап берді.
-Бұл ерекше кездесу. Ашық әңгіме оқып, өзіміздің сүйікті кітаптарымызды талқылап, жазушалардың есімін дәріптейміз. Сондықтан танымдық бағытта өтіп жатқан шараны ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін,- деді аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Оразов.
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зиянына тоқталған аудан әкімінің орынбасары Қалдыбек Әбілдаұлы, «Кітап оқу күнделікті дағдымыз болу керек» деген пікірін жеткізді. Оқырмандар тарапынан сұрақтар қойылды. Шара «Кітапханаға кітап сыйла» акциясымен жалғасты.

Сәйкес жаңалықтар

Полиция қызметкерлері оқушыларға жол қауіпсіздігі туралы сабақ өтті

admin

Түркістан: мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

admin

1000-нан астам сарбаз 300 млн теңге несиені кейін төлейтін болды

admin