Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

500 бірегей шапан: Жаңаарқалықтар тағы да рекорд орнатты

Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданы тағы да рекорд жаңартты. Қазақстанда алғаш рет бір ауданның тігіншілері өңірге тән ұлттық нақыштағы 500 шапан тігіп, рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ерекше жобаға 17 тігінші қатысып, әрқайсысы орта есеппен 33 шапаннан тіккен. Шапандар өңірдің тарихи және мәдени ерекшеліктерін қамтитын бірегей үлгіде дайындалған.

Мінекей, Жаңаарқаның 500 шапаны Қазақстан Кинес рекордтар кітабына енді. Құтты, қайырлы болсын! Жасасын жаңаарқалық тігіншілер! Мына жерде 500-ден де көп болуы мүмкін. Көк туымыз биікте желбіресін! 600-ге жуық шапан тігілді. Елдігіміз жасасын! Жасасын Жаңаарқа, жарқырасын Жаңаарқа! – дейді видео авторы, журналист Қасымхан Ғалым.

Еске салайық, бұған дейін 1000 жаңаарқалық тұрғын бір мезгілде 10 мың литр қымыз пісіп, рекорд орнатқан болатын. 

Сәйкес жаңалықтар

Шымкенттегі этноауылда түрлі шеберлер бар

admin

Дархан Сатыбалды «Күлтөбе» қалашығының құрылыс алаңына барды

admin

Түркістанда мәжіліс депутаттары апта бойы 130-дан астам кездесу өткізіп, ел өтінішін тыңдайды

admin