Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қарағандыда жанып жатқан үйден 33 адам құтқарылды

 ТЖМ құтқарушылары жанып жатқан үйден 33 адамды құтқарып, эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Белгілі болғандай, 112 орталық пультіне Қарағанды қаласы Анжерская көшесінде 9 қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

ТЖД бөлімшелері келгеннен кейін тұрғын үй-жайда қатты түтін байқалып және өрттің жоғары қабаттарға таралу қаупі анықталды.

Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында түтінді аймағынан 8 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылып және 25 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды, — делінген ведомство таратқан хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.

Сәйкес жаңалықтар

«Қазақмыс» жұмысшылардың үндеуіне қатысты мәлімдеме жасады

admin

Биыл “SOS” дабыл батырмасына әртүрлі сипатта 37 өтініш түсті

admin

Райымбек Сейтметов театры Барнаулда өтетін фестивалге қатысады

admin