Кентауда түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген 20 жасөспірім анықталды

Кентау қаласында түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрген 20 жасөспірім анықталды, – деп хабарлайды  Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасын өткізді. Ондаучаскелік полиция инспекторлары жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту мен оның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың жүріс-тұрыстарына бақылау жасап, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекетсіз жүретін жасөспірімдерді анықтап, тәртібі қиын балаларды полиция органдарының есебіне алды.

Мәселен шара кезінде кәмелетке толмаған 20 жасөспірім жеткізіліп, 13 ата-ана мен ойын-сауық орындарының иелеріне шара көрілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

ПІКІР ЖАЗУ