Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастамасымен жиын болып өтті

Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің бастамасымен «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Кілемді жабын» жобасы бойынша жиын болып өтті.

Аталмыш шараға аудан әкімі, прокурор, мәслихат төрағасы мен учаскелік полиция инспекторлары, ауыл билері және кәсіпкерлер қатысты.

Басқосуда аудан көлемінде жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстары мен алдағы жоспарлар жайында айтып өтіп, туған жерді көркейту-көгалдандыру бағытындағы жұмыстарға бірлесе атсалысу керектігін жеткізді.

Сондай-ақ полиция бастығының міндетін атқарушы Қ.Сатыбалдиев аудан тұрғындарына акциясы барысында тазалықты сақтауға шақырып, кәсіптік мекемелердегі бейнебақылау камераларын «Кілемді жабын» жедел басқару орталығына біріктірген жағдайда кәсіпкерге қосымша қауіпсіздігі күшейтілетіндігін ескертіп, тазалық жұмыстарына тек мекеме, кәсіпорын ұжымдары ғана емес барлық аудан тұрғындары мен кәсіпкерлер өз аулаларынан бастап атсалысу қажет екендігін айтты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сәйкес жаңалықтар

Ерлік пен жігер, естелік пен рухтың мерекесі: Бородулиха ауданында Жеңістің 80 жылдығына арналған бәйге өтті

admin

Түркістан облысында 241 нысанның құрылысы жүріп жатыр

admin

Шымкент : «Сайрам» тұрғын алабында ауыз су мәселесі шешілетін болды

admin