Кентауда қаланың дамуына еселі еңбек еткен азаматтар марапатталды

Кентау қаласының 68 жылдық мерекесіне орай, қаланың әлеуметтік және экономикалық дамуы жолында еңбек етіп жүрген бірқатар азаматтардың еңбектері еленіп, құрметке бөленді. Кентау қаласы әкімдігінде өткен мерекелік кездесуде қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова, қалалық маслихат төрағасы Қабылан Елеусізов тұрғындарды қала күнімен құттықтады.

«Қаламыз мына өздеріңіздей тұрғындардың еңбекқорлығы мен бірлік-берекесі талай жылғы ерен еңбектің, бауырмалдықтың арқасында қалыптасты. Сондықтан да Кентау – қиындықтан тайсалмайтын, еңбектен жиренбейтін нағыз еңбекқор, отансүйгіш, ел мен жердің абырой-беделі үшін тау қопарып, тас тескен елжанды еңбек майталмандарының қалашығы, әлеуеті мықты «кадрлар ұстаханасы» аталған. Сіздерге алғысымыз шексіз» деді Ақнұр Нұралықызы.

Мерекелік кездесуде бірқатар азаматтар «Қалаға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен және қала әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды. Сондай-ақ қалалық маслихат төрағасының алғыс хаттары табыс етілді.

ПІКІР ЖАЗУ