Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Түлкібас: ардагерлер тарихи қалада бас қосты

Халқымыздың ұлттық менталитетінің жарқын белгісі қашанда үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету десек, бүгінде кентіміздің игі дәстүріне айналған ізгілікті шарасы жалғасын тапты.

Ескере кетсек, «Қарттар» күні қарсаңында 58 ардагеріміз Түркістан шаһарына саяхаттап келген болатын.

Састөбе кенті әкімі А.Айдарбеков ешкім қапыда қалмасын деп, екінші рет ұйымдастыруымен кенттің дамуына үлес қосып, бүгінде зейнет демалысындағы бір топ ардагерлер киелі Түркістан қаласына саяхаттап келді.

Топта Састөбе кентінен 20 ардагер, Ынтымақ ауылынан 25 ардагер, Қызылту ауылынан 5 ардагеріміз болды. Топты кент биі, ақсақалдар кеңесі төрағалары басқарып жүрді. Олар көне Отырар жеріндегі, Арыстан баб кесенесінде болып, арнайы зиярат жасап, құрбандық шалды. Сонымен қатар, «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесіне де зиярат етіп, қайта жанданған қаланың «Керуен сарай», «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешендерін аралады.

Ардагерлер саяхат барысында ұмытылмастай әсер алғандықтарын айта келе, кент әкіміне өз ризашылықтарын білдіріп, баталарын берді.

Сәйкес жаңалықтар

Бауырлас Шуша қаласының делегациясы Тркістанға келді

admin

Шымкентте өңірлік өнім көлемінің өсімі 4 пайызға жетеді

admin

Алдағы екі жылда 113 жаңа спорт нысаны салынады

admin