Кентау: мектепке жол акциясы

2022 жылғы 17 тамыз күні Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Ә. Молдағұлова атындағы №19 мектеп лицей базасында   «Барлық жақсылық – балаларға» атты республикалық  «Мектепке жол» қайырымдылық  акциясы «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық!» ұранымен  өтті.

Қайырымдылық акциясын қала әкімінің орынбасары Байболава Ақнұр Нұрәліқызы  ашып, қатысушыларды жаңа оқу жылымен құттықтап, акцияға қолдау білдіріп, демеушілік жасаған жомарт жандарды және акцияға белсене қатысқан мектептің әлеуметтік педагогтарды  бөлім басшысының алғыс хатымен марапаттады.

Бөлімнің бас маманы Бейсенбиева Қатира Жартайқызы қайырымдылық жасап, көмек қолын күткен әрбір жанның  жүрегіне  жылылық  ұялату осы  отырған  барлық  азаматтың  борышы екендігін айта отырып,  балаларға мектеп формасымен мектепке қажетті құрал жабдықтарды табыстады.

Жаны жақсылықты қалап тұратын жаны жайсаң, жомарт жандар көп болсын!

 

 

ПІКІР ЖАЗУ