Кеме қалған монументі

 Қазығұрт тауының жанында, теңіз деңгейінен 910 метр биіктікте “Ноев ковчег” ескерткіші бар. Ерекше ескерткіш Түркістан қаласынан 207 шақырым жерде орнатылған. Жергілікті аңыз бойынша, екі мың жыл бұрын Нух (Нұх) пайғамбар Қазығұрт тауына қонғандықтан адамдар бұл жерді “Кеме-қалған” деп атайды. Заманауи шеберлер жасаған кеменің көлемі киелі кітаптардағы суреттемеге дәл сәйкес. Ұзындығы 150 м, кеңдігі 25 м, биіктігі 15 м. Бұл жердің көптеген аңыздарын өлкетанушылар туристтерге айтуға дайын. Ең танымал аңыздардың бірі: қазіргі төмен биіктігіне қарамастан, 2000 жыл бұрын Қазығұрт әлемде ең биік тау болыпты. Топан су жер дүниені басқанда, тек Қазығұрт басы құрғақ қалып, Нұх кемесі сол жерге қайырлапты.
Қазығұрт Орта Азия халықтары арасында қасиетті болып саналады, кейбір дереккөздер оны Түркістан Арараты деп атайды. Кеменің Монументі орналасқан биіктіктен Нух (Нұх) пайғамбардың кемесі қалған деген Қазығұрт шыңын көруге болады. Ел аузында Қызғұрттың басында кеме қалған – ол киелі болмаса неге қалған деген сөз халық арасында жиі айтылады. Ташкент-Шымкент бағытынан өтетін туристтердің барлығы осы жерге көтеріліп естелікке фотоға түсіп жатады.

ТегтерТарих

ПІКІР ЖАЗУ