Келестік спортшы еліміздің әнұранын Латвияда шырқатты

Келес ауданында спортқа ерекше көңіл бөлініп келеді. Әсіресе дене шынықтыруға балалар мен жасөспірімдерді тарту жақсы жолға қойылған. Жастардың спортпен айналысуына да кең мүмкіндіктер пайда болуда. Нәтижесінде ауылдан шыққан өрендер ел намысын әлемдік ареналарда қорғап, жетістіктерге жетуде. Атап айтсақ,  Келес спорт клубының жаттықтырушысы Келес ауданының тумасы Досбол Ережеп  Латвия мемлекетінің Даугавпилс қаласында  спорттың  “Combat Ju-jutsu” түрінен өткен байрақты бәсекеде жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды.

Досбол бірінші жекпе-жегін Өзбекстан елінің спортшысына қарсы өткізіп, айқын басымдықпен жеңіске жетті. Екінші жекпе-жегінде Польша елінің намысын қорғаған спортшыны тізе бүктірді. Одан әрі Испания елінің спортшысын ойсырата жеңіп, чемпионаттың финалына шықты. Байрақты бәсекенің финалында Украйна елінің спортшысын жеңіп қарсылас шақ келтірмеді. Осылайша Келестің келбетіне айналған спортшы еліміздің туын көкке желбіретіп, Әнұранымызды арена төрінде шырқатты.

ПІКІР ЖАЗУ