Келесте интернет-алаяқтық қылмыстардың алды алынуда

Ақпараттық технологиялардың дамуымен және оларды қолдану аясының кеңеюімен алаяқтықтың жаңа түрлері, соның ішінде интернет алаяқтықтар пайда болуда. Интернет алаяқтықтың бір ерекшелігі – қылмыскерлер тек Қазақстанда ғана емес, одан тыс жерлерде де болуы мүмкін, яғни қылмыстың бұл түрі халықаралық сипатқа ие. Осы орайда Қазақстан Республикасының және Түркістан облысы, Келес ауданы  аумағында 2023 жылғы 20-22 қараша аралығында ақпараттық технологиялар саласындағы қылмыстарға қарсы күрестің тиімділігін арттыру мақсатында «Hi-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

–  Жұмыстың нәтижелі көрсеткіштеріне жету мақсатында, аталған іс-шараға сапалы дайындықты қамтамасыз мақсатында зиянды бағдарламаларды, арнайы техникалық құралдарды, порнографияны, оның ішінде балалар порнографиясын дайындайтын және тарататын, сондай-ақ суицидалды бағыттағы ойындарды және Интернет желісіндегі өзге де құқық бұзушылықтарды насихаттайтын адамдарды анықтауға шаралар қабылдануда. Сонымен қатар, операция өткізу кезеңінде оқиға орнын сапалы қарауды жүргізу, заттай дәлелдемелерді алу, сотқа дейінгі тергеу материалдары бойынша негізделген шешім шығару үшін ақпараттандыру және байланыс саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтау жөніндегі жедел-іздестіру топтарын құру мәселесі пысықталады, – дейді Келес аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілі полиция капитаны Шалқар Рамазан Қаржаубайұлы.

Айта кетейік, Келес ауданы аумағында полиция бөлімімен жыл басынан осы күнге дейін 45 интернет арқылы жасалған қылмыстар орын алған. Орын алған қылмыстар зерделеніп, сотқа жолданған.

ПІКІР ЖАЗУ