Келес: Жәнібек Ағыбаев: құрылыс сапасы басты назарда болуы шарт

Келес ауданындағы елді мекендерде әлеуметтік нысандардың саны артуда. Ошақты ауылдық округінің орталығында 300 орындық оқу корпусы биыл пайдалануға берілсе, Жиделі ауылында мәдениет үйі мен мектеп құрылысы басталды.

Сонымен қатар, Бесқұбыр  ауылында облыстық бюджет есебінен 300 орынға лайықталған қосымша білім ғимараты аяқталуға таяса, “Жайлы Мектеп” бағдарламасы аясында Біртілек ауылынан жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде.

Аталған нысандарға барған аудан басшысы Жәнібек Ағыбаев құрылыс сапасын басты назарда ұстау қажеттігін айтты.

– Кез келген жұмысты істерде сапаға мән берілу қажет. Әсіресе білім ғимараттары бойынша салғырттыққа жол берілмейді. Себебі мұнда болашақты қалаушылар білім алады. Жұмысшыларды жергілікті тұрғындар арасынан да жұмылдыру қажет. Сыртқы қасбет пен дизайнына мән беру керек. Құрылыс жұмыстарының әрбір деталь бақылауда тұрады, – деді аудан әкімі.

Айта кетейік, аудан аумағындағы 10 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олардың жетеуі білім нысаны болса, спорт комплексі, әкімшілік ғимараты мен мәдениет үйінің құрылыстары қатар жүруде.

ПІКІР ЖАЗУ