Келес: оқушы қыз Заанендік ешкі сүтінің маңызын зерттеуде

Келес ауданындағы №60 Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы білім беретін орта мектебінің 10-сынып оқушысы Мекембай Балнұр заанендік ешкі сүтінің маңызын зерттеуде.

Жас ғалым “Қапланбек” агротехникалык колледжінің ветеринария бөлімінің зертханасында «Сүт анализаторы ЛАКТАН 1-4 М» кіші аппаратында ана сүті мен ешкі сүтінің салыстырмалылық құрамын талдады. Талдау барысында ана сүтінің майлылык кұрамы ешкі сүтінен кем болғаны анықталды. Аталған зертханалық жұмысты жүргізуге колледждің аға оқытушы Ибрагим Аширбеков көмектескен.

Аталған аппарат арқылы ана сүті мен ешкі сүтіндегі судың, майдың және минералдар мен аминқышқылдардың құрамы анықталды дейді жас ғалымның жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Байжигитова Кундызай. Сонымен қатар биология пәнінің мұғалімі ешкі сүтінің пайдалы екендігін айтады.

– Заанин ешкісі сүтті келеді. Бұған қоса ешкінің сүті де, еті де шипалы қасиетке ие. Практикалық маңызы зерттеу жұмысы барысында алынған мәліметтерді халқымыздың салт-дәстүрін танып білуде және әр түрлі аурулардың алдын-алуға, күнделікті өмірде денсаулықты нығайтуға пайдалануға болады. Оның құрамындағы май оңай сіңімді, әрі адам денсаулығы үшін өте пайдалы. Ешкі сүтінің құрамында кальций мен фосфор минералдық заттарының мол болуы балалардың сүйектерінің қалыптасуы үшін өте пайдалы. Оны әртүрлі өкпе, суық тию ауруларын емдеу үшін қолданады, сондай-ақ ешкі сүті  гепатиттен, асқазан жарасынан, астмадан және басқада аурулардан қорғайды. Ешкі сүтінің құрамында В, В2, С және А дәрумендері бар,-дейді оқушының жетекшісі.

Айта кету керек, жас ғалым өз зерттеуін Сарыағаш ауданының №4 мамандандырылған мектеп-интернатының 9-сынып оқушысы Өміржан Раянмен бірге жүргізген. Жалпы Қазақстанда ешкі өсіру енді дамып келе жатқан салалардың бірі. Сондықтан бұл сала әлі толық зерттеуді қажет етеді.

ПІКІР ЖАЗУ