Қазығұрт: киелі орындарды абаттандыру бойынша “Жаңа Қазақстан, Таза табиғат” экологиялық акциясы өтті!

Қазығұрт ауданы Жігерген ауыл округінде “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің әдіскері Нұрсұлтан Рысханның ұйымдастыруымен аудан жастары және еріктілердің қатысуымен экологиялық акциясы өтті.

Мақсаты-қазақ халқының мәдени мұрасын пайдалана отырып, жастардың қоршаған ортаға ұқыпты қарауына жағдай жасау. Жігерген ауыл округіне қарасты Көктен ата бұлағы мен Есенаман қалпа кесенесіне тазалық жұмыстары жүргізілді.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қасиетті Қазақстан» жобасы аясында Қазақстанның 100 киелі орны жасақталғанын білеміз. Осы 100 киелі орынның бірі Қазығұрт ауданында орналасқан Көктен ата бұлағы мен Есенаман қалпе кесенесі. Бұл екі нысан орналасуы жағынан бір жерде болғандықтан бірге қарастыруды қош көрдік.

ПІКІР ЖАЗУ