Қазығұрт ауданы аумағындағы жанар-жағармай құю бекеттеріндегі мониторингтік жұмыстарының барысы туралы

2023 жылдың 22 қараша күні аудан аумағында «Аудан әкімінің бағаларды тұрақтандыру бойынша аудандық штаб құру туралы қаулысы» құрылған жұмысшы топ құрамымен бірге жанар-жағармай құю бекеттеріндегі Аи-92, Аи-93, Аи-95 маркалы бензин, дизельдік отын және сұйытылған мұнай өнімдеріне қатысты мониторингтік жұмыстар жүргізілді.

Нәтижесінде, аудандағы барлық жанар-жағармай құю бекетінде жағдай тұрақты. Бір тәуліккке белгіленген мөлшердегі мұнай өнімдері өз деңгейінде күн сайын сатылуда.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі №140 «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрығына сәйкес (Аи-80 маркалы бензин – 1 литрі үшін 89 теңге, Аи-92 және Аи-93 маркалы бензин – 1 литрі үшін 205 теңге, дизельдік отын – 1 литрі үшін 295 теңге болып бекітілді), барлық жанар-жағармай құю бекеттерінің иелері мен өкілдеріне мұнай өнімдерінің (Аи-92, Аи-93, Аи-95 маркалы бензин, дизельдік отын және сұйытылған мұнайгаз) шекті бағаларының сақталуын қамтамасыз етуді және негізсіз өсіру деректері орын алған жағдайда, заң аясында дәлелді құжаттармен ЖЖМҚБ-нің иелерінің тәртіптік жауапкершіліктері қаралатынын және айыппұл салынатындығы жөнінде толыққанды ақпарат жұмыстары түсіндірілді.

ПІКІР ЖАЗУ