ҚАЖД мекемесінде үздік қызметкерлер марапатталды
Мемлекеттік мерекеге орай Қарағанды және Ұлытау облыстары бойынша ҚАЖД мекемесінде үздік қызметкерлер марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні. Ата Заңымыз 1995 жылы жалпыұлттық референдумда қабылданған болатын. Мемлекеттік мерекеге орай Қарағанды облысы және Ұлытау облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №31 мекемеде салтанатты іс-шара өтті. Шараның арнайы қонағы болған сала ардагерлері Леонид Крепешев пен Юрий Ткачев өздерінің жүрек жарды тілектерін білдірді. Іс-шара барысында мекеме бастығы Ерболат Әбікеев барша қызметкерді атаулы мерекемен құттықтай отырып, қызметте ерекше көзге түскен қызметкерлерге және ардагерлерге салтанатты түрде грамоталар табыстады.
– Барлық қазақстандықты 30 тамыз – Конституция күнімен құттықтай отырып, мықты денсаулық, бейбіт тұрмыс, тұрақтылық тілеймін! Береке-бірлігіміз мәңгілік болғай! Ынтымағы жарасқан еліміздің бағы мен мерейін асыратын үлкен істе баршаңызға сәттілік тілеймін, – деп мекеме бастығы жылы лебізін білдірді.
Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/qaraghandy-zhane-ulytau-oblystary-bojynsha-qazhd-mekemesinde-uzdik-qyzmetkerler-marapattaldy/