Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

ҚАЖД мекемелерінде мерекеге орай іс-шаралар ұйымдастырылды

Абай облысы ҚАЖД мекемелерінде мерекеге орай іс-шаралар ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Конституция күні мерекесіне орай Абай облысы бойынша ҚАЖ департаменті мен мекемелерде бірқатар іс-шаралар өткізілді. Абай облысында бес қызметкер Ішкі істер министрінің бұйрығымен және 16 қызметкер Абай облысы бойынша ҚАЖД бастығымен марапатталды. Сондай-ақ осы күні ҚАЖД-ның Абай облысы бойынша екі қызметкері еңбек демалысына шықты, бұл штабтың бас маманы Айгүл Садықова және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің бастығы Руслан Камаржанов. Ал Семей қаласында мерекеге орай “Абай жазған Қарамола Жарғысы” тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына Абай облысы прокуратурасының қызметкерлері, Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің, Әлихан Бөкейхан университетінің ғалымдары, Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінің қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері және мәдениет қызметкерлері қатысты. Абай облысының әйелдер колониясында 25-35 жас аралығындағы үш жас қызметкер ант қабылдау рәсімі өткізілді.

– Біз бәріміз еліміздің өркендеуі мен болашағы үшін жауаптымыз. Әрбір азамат әділ қоғам құруға өз үлесін қосады. Мұны күн сайын есте ұстаған жөн, – деп атап өтті ҚАЖД тәрбие және кадр саясаты бөлімінің бастығы Абай Райгүл Саугабаева.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/abaj-oblysy-qazhd-mekemelerinde-merekege-oraj-is-sharalar-ujymdastyryldy/

Сәйкес жаңалықтар

Аудан көлемінде «Борышкер» профилактикалық іс-шарасы өтуде

admin

Бір жасар қызын терезеден лақтырмақ болған

admin

Президент Citigroup компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті

admin