Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Қазақстандағы жас ғалымдарға арналған гранттар: Конкурсқа қалай өтініш беруге болады?

Ғылым және жоғары білім министрлігі 2026-2028 жылдарға арналған ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар бойынша жас ғалымдарды гранттық қаржыландыру конкурсының басталғанын жариялады, деп хаарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Өтінімдерді қабылдау 25 қыркүйектен басталып, 25 қазанға дейін жалғасады, — деп хабарлады Министрліктің баспасөз қызметі.

Конкурстық құжаттамаға сәйкес ғылымды дамытудың басым бағыттары:

– Экология, қоршаған орта және табиғатты ұтымды пайдалану;

– Энергия, озық материалдар және көлік;

– Озық өндіріс, цифрлық және ғарыштық технологиялар;

– Елдің зияткерлік әлеуеті;

– Өмір және денсаулық туралы ғылым;

– Агроөнеркәсіптік кешенді тұрақты дамыту;

– Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс, биологиялық қауіпсіздік ғылыми бағыттары.

Айта кетейік, ғылыми жетекшінің және өтінім берушінің электрондық цифрлық қолымен расталған конкурстық өтінімдер Ғылым комитетіне электронды түрде «ҰМҒТСО» АҚ ақпараттық жүйесі https://is.ncste.kz арқылы беріледі.

Сәйкес жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: Қала әкімінің орынбасары баспанамен қамтуға қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді

admin

Қазақстандағы ең ұзын автомобиль тоннелі пайдалануға беріледі

admin

«Рухани қазына – 2022» фестивалі өз мәресіне жетті

admin