Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
БілімЖаңалықтар

Ертең мектеп оқушылары сабақты онлайн оқиды

Семейде 24 қыркүйек күні мектеп оқушылары су құбырларына жүргізілетін дезинфекция жұмыстарына байланысты бір күн қашықтан оқиды. Сабақтар онлайн платформалар арқылы өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Білім басқармасының мәліметінше, бұл шешім қалалық су құбырларында жүргізілетін дезинфекциялық жұмыстарға байланысты қабылданған.

Сол күні барлық мектептегі таңғы және кешкі ауысымдағы сабақтар онлайн форматқа көшіріледі. Оқушыларға қашықтан оқу үшін арнайы онлайн-платформалар қолданылады. Басқарма өкілдері 25 қыркүйектен бастап сабақтар әдеттегі тәртіппен жалғасатынын атап өтті.

Сәйкес жаңалықтар

Қызмет барысында қаза болған полицейді еске алу турнирі өтті

admin

Полицейлер көп таралған интернет-алаяқтықтың түрлері туралы еске салды

admin

43 мың теңгеге дейін: 8 наурызға орай қай өңірде қанша төлем беріледі?

admin