Қазақстанда судья немесе адвокат болу қаншалықты қиын?

Сот жүйесінде жұмыс істеу қандай жауапкершілік жүктейді? Жас судья мен адвокат өз тәжірибесімен бөлісіп, мамандықтың қиындықтары мен ерекшеліктері туралы айтып берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазақстанда құқық саласы – жоғары жауапкершілік пен кәсіби біліктілікті талап ететін маңызды бағыттардың бірі. Сот жүйесінде судьялар әділ шешім қабылдаса, адвокаттар азаматтардың құқықтарын қорғап, заң үстемдігінің сақталуына үлес қосады. Қазіргі таңда елімізде судьялардың жалпы штаттық саны 2719, ал жұмыс істеп жүрген адвокаттардың саны 6537.

Бұл шығарылымда жас судья мен адвокаттың кәсіби жолы баяндалады. Олар бұл мамандықты таңдауға не себеп болғанын, қызмет барысында қандай қиындықтарға тап болатынын және құқық саласында табысқа жету үшін қандай қасиеттер қажет екенін айтады.

Шығарылым кейіпкерлері – Астана қаласы азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы Дәурен Байменов және жеке практикамен айналысатын заңгер Аржан Садуақасов.