Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Наурыз айының соңына дейін Дубайға ұшатын рейстер тоқтатылды

Air Astana әуе компаниясы наурыз айының соңына дейін Дубайға ұшатын рейстер тоқтатылғанын мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Таяу Шығыстағы шиеленісті жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы 11 наурыздан 31 наурызға дейін (қоса алғанда) Алматы – Дубай және Астана – Дубай бағыттары бойынша тұрақты рейстерін тоқтатады. Тоқтатылған рейстердің жолаушыларына билет құнын айыппұлсыз толық қайтару немесе 1 сәуір мен 31 мамыр аралығындағы (қоса алғанда) рейстерге тегін қайта брондау ұсынылады. Әуе компаниясы Таяу Шығыстағы оқиғалардың дамуын жіті қадағалауды жалғастырады, — деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін Астана әуежайында 20 рейс кешігіп жатқаны хабарланды.

Сәйкес жаңалықтар

Ұлт оқитын кітаптар бір жерде: «Әдебиет» порталының жаңа бастамасы

admin

ІІМ жүргізушілерге ескерту жасады

admin

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы карта әзірленді

admin