Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
Жаңалықтар

Қазақ-қырғыз шекарасына жақын аумақта жер сілкінді

30 қаңтарда таңертең қазақ-қырғыз шекарасына жақын маңда жер сілкінді. Дүмпу ошағы Қырғызстан аумағында орналасқан, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазақ Ұлттық деректер орталығы мәліметіне сүйене отырып.

Қазақстандағы сеймографтар Қырғызстан аумағындағы жер сілкінісін Астана уақытымен таңертең сағат 07:54-те тіркеді. Дүмпу магнитудасы – 3.9 балл.

Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстандағы Нарын қаласына жақын маңда орналасқан. Дүмпу нүктесі қазақ-қырғыз шекарасына дейін шамамен 160 км, Алматы қаласына дейін шамамен 230 км жерде жатыр.

Қазақстанның оңтүстік өңірлері сейсмикалық қауіпті аймаққа жатады. Мұнда үнемі жерасты дүмпулері болып тұрады.

Сәйкес жаңалықтар

«Тендер ұтып алып беремін»

admin

Backward leg allows young cancer survivor to dance

admin_bainews

Комитет төрағасы Түркістандағы спорт нысандарына оң бағасын берді

admin