Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚоғам

Алматыда қоқыс шығаруға шыққан 16 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

 Алматыда 16 жастағы жасөспірім сыртқа қоқыс төгуге шығып, үйіне қайта оралмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

16 жастағы жасөспірім Айдос Әкімбаев 21 күннен бері іздестіріліп жатыр. Ол 28 шілде күні таңертеңгі сағат 10:53-те Әуезов ауданы, Мамыр-3 шағын ауданындағы үйінен қоқыс шығаруға сыртқа шыққан. Содан кейін үйіне қайтып оралмаған.

Жоғалған күні бозбаланың үстінде ақ футболка, қара шорты және қою көк түсті крокс-сланцы болған.  Полиция жасөспірімді іздеу шаралары жүргізіліп жатқанын хабарлады. Еске салайық, бұған дейін Алматыда үстіне ағаш құлаған 27 жастағы әйел қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Сәйкес жаңалықтар

Түнгі бақылау: Түркістан облысында қауіпсіздік басты орында

admin

Келесте 12 мың гектар жер ауданның арнайы жер қорына қайтарылды

admin

Ордабасы: аудан әкімі Нұрбек Бадырақов Бөржар ауыл округіне сапары барысында бірқатар ауыл шаруашылық алаңдары мен өндіріс орындарын аралап, жұмысымен танысты.

admin