Bainews.kz ақпараттық-сараптамалық сайты
ЖаңалықтарҚұқық

Кастет сақтаған тұрғын қоғамдық жұмысқа тартылды

Семейде кастет сақтаған тұрғын қоғамдық жұмысқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Семей қаласындағы теміржол вокзалында 23 жастағы Семей тұрғынына тиесілі барсеткадан кастет табылды. Ер адам жасаған ісіне өкініп, өз кінәсін толық мойындады. Сот оны ҚР ҚК-нің 287-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және осы баптың негізінде оған жиырма сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту түрінде жаза тағайындады.

– Қазіргі уақытта сотталған Семей қаласының Затон ауданының пробация қызметінің есебінде тұр. Оған жазаны өтеу шарттары түсіндірілді және болашақта онымен қайта қылмыстық құқық бұзушылықтарға жол бермеу туралы профилактикалық және тәрбиелік сипаттағы жұмыстар жүргізілетін болады, – деп атап өтті Семей қаласы Затон ауданының пробация қызметінің бастығы Эрик Усербаев.

Ақпарат көзі Polisia.kz сайтында: https://polisia.kz/semejde-kastet-saqtaghan-turghyn-qoghamdyq-zhumysqa-tartyldy/

Сәйкес жаңалықтар

Түркістан облысының тұрғындары мәмс есебінен 2 мыңнан астам отаны тегін жасатқан

admin

Сарыағаш: ҚР «Тәуелсіздік күні» және «Прокуратура күні» мерекелеріне орай спорттық ойындардың жарысы болып өтті

admin

Жамбыл: ҚАЖ қызметкерлері шеберліктерін шыңдады

admin