
Қазіргі таңда жаңа нысанда заманауи ойын элементтері орнатылып, балалардың қауіпсіздігі үшін ойын алаңшаларының едендеріне резеңке жабын төселді. Сонымен қатар, әткеншектер, құмсалғыш, және түрлі ойын элементтері орнатылды. Балалар алаңшасы балалардың бос уақытын тиімді өткізуге және спортты дамытуға мүмкіндік береді.