Қарағанды облысында адасып кеткен ер адам табылды

 Қарағанды облысының Нұра ауданында іздеу-құтқару жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Нұра ауданында сағ. 09.46-да құтқарушылар. қыстауынан адасып кеткен ер адамды тапты. Медициналық көмекті қажет етпейді. 17 ақпанда (туыстарының айтуы бойынша) жоғалған ер адам қыстауда болуы мүмкін деген ақпарат келіп түсті, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

18 ақпанда сағ.07.30-да ТРЕКОЛ көлігіндегі жедел-іздестіру тобы Нұра ауданы Сарыөзен кентіндегі қыстаққа аттанды. Қарда жүретін көлігінің жанармайы таусылғаннан кейін адасқан азамат сол жерге жеткен.

ПІКІР ЖАЗУ